Медикер ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына ие болу конкурсының қорытындысы бойынша «Атамекен» ҰКП-ң «Іскер» арнайы сыйлығының лауреаты атанды. Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік Сарайында ҚР Президентінің «Алтын сапа» 10-шы мерейтойлық сыйлығының лауреаттарын марапаттауға арналған салтанатты шара өтті.
Алғаш рет «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы конкурстың ұйымдастырушылары болды.
Конкурс қорытындысы бойынша МЕДИКЕР «Атамекен» ҰКП-ң «Іскер» арнайы сыйлығының иегері болды. Ұлттық палата Президуымының төрағасы Тимур Кулибаев «Ең үздік қызмет көрсеткен кәсіпорын» номинациясы бойынша мүсіншені «Медикер» ЖШС Басқарма Төрайымы Гүлжан Садырбаеваға табыс етті.
Сапа саласындағы жетістіктері үшін ҚР Президентінің сыйлығын табыс ету жылдың маңызды оқиғаларының бірі болып табылады. Конкурстың мақсаты қызмет көрсетулер мен тауар сапасы, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағынан жоғары нәтижелерге жеткені үшін, сонымен қатар ұйымның халықаралық сапа стандарттарын ендіргені үшін ең үздік отандық тауар өндірушілерді қолдау және көтермелеу болатын.
Қатысушылардың саны жылдан жылға артып келеді. 2006 жылы «Алтын Сапа» сыйлығын алу үшін 52 кәсіпорын қатысқан болса, 2015 жылы 153 болды.
Қазақстандық кәсіпорындардың көпшілігі үшін «Алтын сапа» конкурсына қатысудың өзі жетістік және республикалық деңгейде қоғамның мойындауының бір куәсі болып табылады. Кәсіпорындар Палатасының эксперттік тобының бағасы еліміздегі ең беделді кәсіпкерлер конкурсында сыйлыққа лайықты ең үздік кәсіпорындарды анықтауға мүмкіндік берді.
Сіздерге деген қамқорлықпен!