Бракераж

Бракераж

Жартылай дайын өнімдер, тағамдар және аспаздық өнімдердің сапасын органолептикалық бағалау (бракераж). Тамақты органолептикалық бағалау – бұл оның түсін, иісін, дәмін, консистенциясын, қаттылығын, шырындылығын анықтау. Қарауды күндізгі жарықта жүргізген дұрыс. Содан кейін тамақтың иісі анықталады, ол өнімнен бастапқы бұзылу құбылысын анықтауға көмектеседі. Аталмыш талдау әдісі арқылы шикізат, жартылай дайын өнімдер және аспаздық өнімдердің сапасын жылдам және оңай бағалауға, рецептураның, дайындау технологиясының бұзылуын анықтауға болады. Аталған талдаудың басты көрсеткіштеріне сыртқы түрі, түсі, иісі, консистенциясы, дәмі кіреді. Сыртқы түрі – өнімнен алатын жалпы сырт әсерді сипаттайтын және өзіне пішіні, бетінің калпы, өлшемі бойынша біркелкілігі және т.б. жеке көрсеткіштерді қамтитын кешенді көрсеткіш.

Тізіміне оралу


Біздің клиенттеріміз