Жұмыскерлердің денсаулық күйін бақылау ауруларды, кәсіби аурулардың бастапқы түрін, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлар жұмыскерлердің денсаулық күйіне әсер етудің алғашқы нышандарын уақтылы анықтау, кәсіби аурулардың дамуы бойынша қауіп-қатер топтарын қалыптастыру, сондай-ақ зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлар әсеріне байланысты жұмысты жалғастыруға медициналық қарсы көрсетім болып табылатын ауруларды, күйлерді анықтау мақсатында, сондай-ақ халық денсаулығын қорғау, аурулардың пайда болуын және таралуын алдын алу мақсатында жұмыскерлерге алдын ала және мерзімді міндетті медициналық тексеру (зерттеу) жүргізу жұмыстарын орындау барысында жүргізіледі.