Сапа, қоршаған ортаны қорғау, денсаулықты қорғау мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әлеуметтік жауапкершілік саласындағы саясат
«Медикер – өндірістік медицина» ЖШС – Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төмендегі медициналық қызметтерді көрсететін өндірістік медицина саласындағы ірі компания болып табылады:
- жұмысқа кіріспе/ауысымнан кейінгі, рейске шығар алдындағы/рейстен кейінгі медициналық тексерулерді жүргізу;
- білікті медициналық көмек көрсету;
- дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету;
- өндірісте зардап шеккен қызметкерді эвакуациялауды ұйымдастыру және өткізу;
- тапсырыс беруші қызметкерлеріне алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша оқыту жүргізу;
- жеке тұлғалар мен ұжымдарға маусымдық егу жұмыстарын ұйымдастыру арқылы вирустық аурулардың алдын алу шараларын өткізу.
«Медикер – өндірістік медицина» ЖШС-нің негізгі міндеті – тұтынушылардың үмітін ақтайтын және асыратын, белгіленген еңбекті қорғау мен қауіпсіздік талаптарына, сондай-ақ экологиялық талаптарға сай жоғары кәсіби медициналық қызмет көрсету мен сервисті қамтамасыз ету болып табылады.
«Медикер – өндірістік медицина» ЖШС медициналық қызмет көрсету сапасына, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қызметкерлер мен халықтың денсаулығын қорғауға, қолайлы қоршаған ортаны сақтауға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға жауапкершілігін толық сезіне отырып, өзіне келесі міндеттемелерді алады:
- тұтынушылар мен серіктестердің қанағаттану деңгейін үнемі арттырып отыру;
- медициналық қызмет көрсету үдерісінің барлық кезеңдерінде қолданылатын заңнамалық, нормативтік және басқа да талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
- қоршаған ортаның ластануын болдырмау және оны қорғауды қамтамасыз ету;
- қызметкерлердің, мердігер ұйымдар мен басқа тараптардың жарақаттануы мен денсаулығының нашарлауын болдырмауды қамтамасыз ету;
- сапа, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әлеуметтік жауапкершілік салаларындағы қызмет көрсеткіштерін үздіксіз жетілдіру.
Саясатты іске асырудың негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
- халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес интеграцияланған менеджмент жүйесін жұмыс күйінде ұстап тұру және оны үнемі жетілдіру;
- жаңа бизнес бағыттарына белсенді инвестициялар тарту, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;
- дәлелді медицина қағидаттарына негізделген және заманауи диагностика мен емдеу хаттамаларына сай келетін озық диагностикалау және емдеу әдістерін енгізу;
- қызметкерлердің біліктілігін арттыру, оларды ынталандыру және көтермелеу жүйесін дамыту;
- өндірістік-шаруашылық қызметтің барлық кезеңдерінде туындайтын сәйкессіздіктер мен мәселелердің себептерін жоюға және тәуекелдерді болдырмауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру арқылы сәйкессіздіктер мен мәселелердің алдын алу, сондай-ақ үздік қолжетімді тәжірибені пайдалану;
- компанияның Құрылтайшылары айқындаған мақсаттар мен міндеттерді тиімді іске асыру.
«Медикер – өндірістік медицина» ЖШС басшылығы осы Саясатты халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес интеграцияланған менеджмент жүйесін қолдану арқылы жүзеге асыруға жауапкершілік алады және оны барлық мүдделі тараптарға жеткізуге міндеттенеді.