Біздің артықшылықтарымыз

nashi-preimushestva.JPGКең таралған филиалдар желісі, мұнай өндіру саласының алыс кен орындарында және вахталық ауылдарында жұмыс, республиканың жетекші медициналық мекемелерімен серіктестік қатынас – «Медикердің» артықшылықтарының басы ғана.

Көшбасшылық

Сапалы және қолжетімді қызмет көрсету нарығында көшбасшы орынды сақтап және күшейте отырып, біз медициналық қызмет көрсету саласының медициналық сақтандыру және жекеменшік медицина аясында көшбасшы болуға талпынамыз.

Нәтижелі менеджмент және қаржылық пайдалылық. Біз нарық жағдайларына икемді және бейімделгіш болуға және «Медикер» компаниялар тобындағы интеграциялау әсерін пайдалануға тырысамыз.

Этикалық құндылықтар

Медициналық қызметттердің сапасы, нәтижелілігі және орындылығы үшін пациент алдында жауапкершілік. Қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті бизнес, медицина саласындағы мемлекеттік саясаттың негізге алатын қағидаттарын мойындау.

Пациент пен қызметкерлердің құқықтарына құрмет, пациент құқықтарын қорғау және мамандардың кәсіби әлеуетін ашу үшін оңтайлы еңбек жағдайларын жасауға ұмтылысты көрсетеді.

Әділдік және ашықтық, мүдделі тараптар алдында ашық және объективті ақпаратқа ұмтылысты көрсетеді.

Өздігінен жетілу және даму, кәсібилікті жоғарылату, жұмысты әрі қарай жетілдіру үшін жаңа әдістерді үнемі іздеуге талпынысты көрсетеді.

Корпоративтілік және бірлік – бір миссия, қағидалар және мақсаттарды көздейтін «Медикер» компаниялар тобы қатысушылары арасындағы өзара тығыз байланысты көрсетеді.

Бізді таңдап Сіз мыналарға ие боласыз:

  • Тәжірибелі серіктес – біз елдің ең ірі және әлеуметтік маңызды медициналық жобаларына қатысамыз
  • Сала көшбасшысы – қадамымыз нық, болашағымыз жарқын
  • Медициналық қызметтер нарығындағы қызметтер мен өнімдер сапасының мойындалған стандарттары
  • Реттелген, орталықталықтандырылған сервис жүйесі – Қазақстанның әрбір түкпіріндегі әр клиентке жіті назар аударылады
  • Саладағы ең жақсы мамандар
  • Сіздің жұмыскерлеріңіздің денсаулық жағдайы туралы риясыз және шын деректер
  • Өмір сүру сапасын және денсаулық деңгейін жақсартуға бағытталған шынайы сауықтыру бағдарламалары
  • Өз қажеттіліктеріңіз бен мүмкіндіктеріңізге қарай медициналық қызметтер пакетін қалыптастыру мүмкіндігі: ауысым алдындағы медициналық куәландырудан бастап толық медициналық қызмет көрсетуге дейін

Медициналық аутсорсингтің сіз үшін пайдасы мыналар:

  • Қызметтің маманданбаған түрлері бойынша шығындарды қысқарту
  • Қызметті оңтайландыру
  • Тәуекелдерді азайту (медициналық қызметті лицензиялау және НҚА және т.б. талаптарын ұстану бойынша тәуекелдердің болмауы есебінен)
  • Жаңа медициналық технологиялар енгізу және қызметтердің заманауи медициналық сапа стандарттарына сәйкестігі есебінен көрсетілетін қызметтер сапасын өсіру
  • Қарым-қатынас "ашықтығы", келісімшарт негізіндегі үдерістерді басқару жеңілдігі
  • Үлестестіктің болмауы есебінен, жұмыскердің денсаулық жағдайын зерттеу деректерінің шынайылығы

Біздің клиенттеріміз