Биопсия

Биопсия

«Биопсияңызды гистологиялық талдауға жібердік» деген сөз көбіңізге таныс. Не мағына береді?

Биопсия – дәрігер ісік, түймешік, көп уақыт жазылмайтын ойық жара секілді «күдікті» жерлерден алған тін түйіршігі. Алатын жеріне байланысты әртүрлі саймандарды пайдаланады. Ол үлкен ине, эндоскоп (өңеш немесе асқазанды зерттегенде), жарық өткізгіш (бронхоскопияда), жай скальпель (хирургиялық ота кезінде) болуы мүмкін.

Биопсияның негізгі міндеті – диагностика. Ол қатерлі болмаса қатерсіз үдерістерге қарсы күресетінін анықтауға мүмкіндік береді. Рак ісіктерін емдегенде, бақылау жүргізген жағдайда осы үдеріске жүгінеді. Биопсияны дұрыс алу дәрігердің тәжірибесі мен шеберлігін талап ететін ерекше өнер. Талдау нәтижелері және сәйкесінше емдеу тактикасын таңдау оның таңдау дәлдігіне тәуелді (басында қатерлі ошақ өте ұсақ болады).

Биопсия арқылы алынған тін кесінділерін арнайы зертханаға жібереді, онда гистологиялық талдау жасалады. Талдау ағзаның бүкіл жасушалары тіннің түріне байланысты сәйкесінше құрылымға ие деген сенімге негізделген. Қатерлі қайта туу кезінде көрініс мүлдем өзгереді: жасушаның ішкі құрылымы бұзылады, көршілеріне ұқсамай кетеді. Бұл бұзылулар әдетте өте білінерліктей, оларды тіпті қарапайым микроскпоппен көруге болады.

Бірақ биопсия кезінде алған материалды қарастырудан бұрын оны ерекше әдіспен өңдеу керек: жіңішке мөлдір тілімдерге (оларды тілік дейді)кесу және бояу керек. Тіліктерді дайындау үшін алдымен оларды қатты қылады (мысалы парафин сіңіреді), сосын арнайы ұстағышқа бекітіп, өте өткір пышақ – микротом арқылы кеседі.

Бөлінген жіңішке қабықшаларды кішкене ұзынша кеткен шыныға салады да ішінде бояйды. Бояу тәсілдері көп, бірақ бәріне ортақ бір нәрсе, оны бірнеше кезең істейді. Бұрын препараттарды бір бұлаудан екінші бұлауға қолмен салатын, қазір бояудың барлық кезеңдерін арнайы аспаптар жасайды. Дегенмен бұл автоматтандыруды қолдануға болатын жалғыз саты. Қалғаны толық мамандардың қабілеті мен назарына тәуелді.

Боялған препарат микроскоп окулярының астына түскен кезде, іске медицинадағы мамандығы өте маңызды дәрігер - патологоанатом кіріседі. Зерттелетін жасушалардың ерекшелігін бағалап, биопсияға қатерсіз не қатерлі тін алғанын анықтап, пәтуасын шығарады. Оған қоса рак жасушаларының түріне қарап типін, ерекшелігін анықтайды, тіпті ауруды болжайды.

Жарық микроскопымен зерттеу аздық еткенде иммуногистохимиялық зерттеуге жүгінеді. Бұл жағдайда тіліктер бірнеше ісікке қарсы (әр нақты жағдай үшін әртүрлі) сарысумен өңделеді. Егер бірінің «бағыты» ісік сипатына жақын болса препарат жасушаларында микроскоппен анық көрінетін сары түйіршіктер пайда болады. Бұл әдіс жылдам метастазалар беретін қатерлі тері ісігі – меланоманы диагностикалауда өзін жақсы танытты.

Жасушаларда «ішкі органдарында» қандай өзгерістер болғанын түсіну қажет болған кейбір жағдайларда, көмекке электронды микроскопия келеді. Электронды микроскоп беретін (100 мың есеге дейінгі) аса ұлғайтудың өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар: ірі молекулаларға дейін көруге мүмкіндік бере тұра, ол бірнеше жасушаларды ғана қарастыра алады. Бұл зерттеуге материал қаншалықты дәл алынғанның маңызын мың есе арттырады (биопсия уақытында да, тіліктерді әзірлеу және іріктеу үдерісінде де).

Тізіміне оралу

Біздің клиенттеріміз