«Медикер» - өз клиенттеріне жоғары кәсіби медициналық қызмет көрсету мен керемет сервисті ұсынатын сенімді қазақстандық компания. Біз жұмысымызды сыйластық, риясыздық, әділдік, нәтижелілік, қамқорлық және сенім қағидалары негізінде құрамыз. Компания өзінің әлеуметтік жауапкершілігін ұғады, қоғам мен мемлекет мүддесіне қызмет етеді, клиенттер мен серіктестерге берген барлық міндеттемелерін орындайды.
Жоғары экономикалық нәтижелілікке жете отырып, өндірістегі адам өмірі және денсаулығының артықтығын (құндылығын) орнату жолымен заманауи бизнеске көмектесу.
Қазақстан және жақын шетелдің өнеркәсіптік медицина нарығында жетекші орын алу.
Көшбасшылық. «Медикер – өнеркәсіптік медицина» компаниясы Қазақстандағы ең ірі және жекеменшік медицина компаниясы болып табылатын «Медикер» компаниялар тобына кіреді. Серіктестік Қазақстан және жақын шетелдің өнеркәсіптік медицина нарығында жетекші орын алу талпынады.
Әлеуметтік кәсіпкерлік. Серіктестік өзінің әлеуметтік жауапкершілігін түсінеді. Серіктестік кәсіпорындарға өндірістегі денсаулықты қорғау және адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында көмектеседі.
Сапа және қауіпсіздік кепілі. Көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасын кепілді қамтамасыз ету, бәсекеге қабілеттіліктің негізгі критериі саналады. Күнделікті тәжірибеде Серіктестік халықаралық стандарттарға ұмтылады, өдірісте медициналық қызмет көрсетудің инновациялық әдістерін енгізеді.
Кәсібилік. Жоғары кәсіби кадрлар серіктестік дамуының негізгі бастауы және қозғаушы күші болып табылады. Серіктестік үнемі кәсіби тұрғыдан дамуға инвестиция жасайды және адами қабілеттің нәтижелі жүзеге асуына жағдай жасайды.
Тұрақты даму. Тұрақты даму. Серіктестік жүйелі әдіс, үнемі жетілу қағидалары бойынша дамиды, корпоративті міндеттемелерін жақсартуға талпынады.