2017 жылдың 17 маусымында Астанада Қазақстан Республикасындағы Тюринген ТЮФ сертификаттау жөніндегі халықаралық органы өкілінің «Медикер» басшылығына сапа, экология, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйесінің ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001 халықаралық стандарттарына сәйкес келетіні туралы сертификатты табыс етуіне арналған салтанатты шара өтті.
Медицина қызметкерлерінің күніне орай (19 маусым) өткен рәсімге «Медикер» компаниясының Басқарма Төрайымы Гүлжан Садырбаева және Қазақстан Республикасындағы «Интерсертифика-ТЮФ мен ТЮФ Тюринген» ЖШҚ филиалының директоры Әсем Берістенбекова қатысты.
ISO 9001:2015 сапа менеджменті жүйесін енгізудің негізгі мақсаты (http://www.iso.org/iso/ru/home/news_index/news_archive/news.htm?refid=Ref2002) – тұтынушыларға қызмет көрсетудің сапасын арттыру.
ISO 14001:2015 экологиялық менеджменті жүйесін енгізу (https://www.iso.org/obp/ui/ru/#iso:std:iso:14001:ed-3:v1:en) компания қызметінің қоршаған ортаға теріс ықпалын азайтуға бағытталған.
OHSAS 18001:2007 денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджмент жүйесін енгізудің мақсаты (http://iso-management.com/wp-content/uploads/2013/12/OHSAS-18001-2007-.pdf) мердігер ұйымдардағы қызметкерлердің ауруға шалдығу және жарақаттануының және қызмет көрсету аймағындағы басқа да жағдайлардың алдын алу болып табылады.
Көрсетілген стандарттарға сәйкес сертификация ерікті негізде жүзеге асады. ISO стандарттары халықаралық ұйымдардың басқаруды жолға қою жөніндегі ең үздік іс-тәжірибесін қамтиды. «Медикер» ЖШС-інде ISO-ны дайындау және енгізу жұмыстары бір жарым жыл жүрді, оған «Интерсертифика Қазақстан» ЖШС консалтингтік компаниясы тартылды.
Анықтамалық:
«Медикер» компаниясы өз қызметін 2000 жылы Алматы қаласында алғашқы медициналық орталық ашудан бастады. Бүгінде бұл халыққа және корпоративтік емделушілерге әртүрлі медициналық қызметтер көрсететін компаниялардың тобына айналды. Компания біртіндеп дамып, қызметтер түрін жүйелі түрде кеңейтіп жатыр және қызмет көрсетудің ең жоғары сапасын қамтамасыз етуге тырысады.
«Медикер» ЖШС-ң менеджмент жүйесінің ISO-сертификатталуы олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігінің, компанияның қоршаған ортаға экологиялық әсер ету, бизнес жүргізу сапасын жақсарту, өз емделушілерінің, қызметкерлерінің және жеткізушілерінің денсаулығын күту бойынша жұмыс нәтижелерінің мойындалуы болып табылады.